Гемодиализ

"DN Medicus Pharm" ЖШС өз қызметін 2018 жылдың 25 сәуірінен бастады. Сол жылдың 3 шілдесінде компания медициналық қызмет көрсету үшін мемлекеттік лицензиясын алды, ал 28 тамызда компания Нефрология, атап айтқанда гемодиализ саласында азаматтарға қызмет көрсету үшін мемлекеттік лицензияға қосымша алды. 

Бүгінгі таңда "DN Medicus Pharm" компаниясының төрт гемодиализ орталығы бар. Олар Алматы, Қаскелең, Чунджа қалаларында және Жамбыл ауданының орталығы - Ұзынағашта орналасқан.  Ең бірінші орталық Алматы облысының Қаскелең қаласында ашылды. Компанияның дәл Қарасай ауданында гемодиализ орталығын ашқанының себебі - бұл аймақта аурушаңдықтың өсуі және пациенттердің  Алматы қаласында алыс қашықтыққа байланысты диализ алу қиындығы. Қаскелең қаласы аудан орталығы болып табылады, оған 11 елді мекен жатады. 

Гемодиализ орталығында тәжірибелі дәрігерлер мен тәжірибесі кем түспес  медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Бүгінгі күні орталықтарда гемодиализ жүргізу үшін барлық қажетті медициналық техника бар. Кез келген гемодиализ орталығының жүрегі су дайындау жүйесі болып табылады, сондықтан біздің орталықтарда әлемге әйгілі Gambro брендінің су тазарту жүйелері орнатылған. Біздің орталықтар үшін Германияның жетекші өндірушісі  мен әлемдік көшбасшы - B. Braun Avitum компаниясының диализ аппараттары  мен шығын материалдарына тапсырыс берілді. Пациенттерге ыңғайлы болу үшін залдар функционалды төсектермен жабдықталған және арнайы диетаға сәйкес келетін тамақтану қарастырылған. Жоғарыда келтірілген артықшылықтарға қоса, пациенттерді үйлеріне және орталыққа жеткізу қызметі бар. 

Гемодиализ орталығын ұйымдастыруда тәжірибе жинақтап, біздің компания Алматы қаласында жаңа орталықты қолға алды. Тәжірибелі топ осы жолы да орталықтың жабдықталуына мұқият болып, халықаралық деңгейдегі мамандар мен Қазақстанның танымал дәрігерлерін жұмылдырды. Аталған орталық өз қызметін 2018 жылдың қараша айында бастады. 

Компанияның фармацевтикалық қызметке мемлекеттік лицензиясы бар және бүгінгі күні жетекші халықаралық фармацевтикалық компаниялармен белсенді жұмыс істеуде.  Барлық шығыс материалдары, дәрілік заттар және диагностикалық қызметтер Қазақстан Республикасының диализ қызметтерін стандарттау саласындағы бекітілген Заңнамасына сәйкес көзделген және тиісті сертификаттауға ие. 

"DN Medicus Pharm" ЖШС-нің басты мақсаты - сапалы диализ қызметін ұсыну, сондай-ақ әр пациентке кешенді тәсіл ұсыну.